- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда 2018-ші жылы балабақшалардағы кезектерден арылу жоспарланып отыр
Қарағандыда 2018-ші жылы балабақшалардағы кезектерден арылу жоспарланып отыр
Облыс әкімдігі хабарлағандай, Қарағандыда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік балабақшадағы кезектерден арылуға септігін тигізеді.
«Қазіргі таңда Қарағандыда 17 жеке меншік балабақшада 1600-ден астам орын құрылған. Маусым айынан бастап мемлекеттік тапсырыс көлемі де ұлғайтылды, соның көмегімен мемлекеттік және жеке балабақшалардың төлемақысын теңестіру мүмкіндігі туды. Бұл шара туралы жан-жақты ақпарат таратудың арқасында кәсіпкерлердің әлеуметтік бизнеске қызығушылын арттыру мүмкін болды. Жалпы 2017-ші жылы 3271 орынға шақталған 25 жеке меншік балабақша ашу жоспарда тұр», - деді қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская.
Пришахтинскіде салынып жатқан «Бота» ғимаратында «Красная шапочка» балабақшасы болған еді. Жекешелендіру кезеңінде ол арзанға жеке меншік қолға кеткен болатын. Ғимарат иелері онда түнгі клуб ашқан. Енді ол қайтадан балалардың игілігіне берілді.
«Бұл ғимаратты біз 2016-шы жылы қарашада жылжымайтын мүлік нарығында сатып алдық. 2017-ші жылдың наурызында қайта қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын бастадық. Мемлекеттен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қолдау алдық. Айта кету керек, мемлекеттік қолдау жан-жақты жүргізіліп жатыр. Қайда барсақ та мәселелеріміз еш қиындықсыз шешіліп жатыр», - деді балабақша құрылтайшысы, жеке кәсіпкер Гәкку Нұрғожина.
Балабақшаның ашылуы қыркүйекке жоспарланып отыр. Жоба құны – 300 млн. теңге. Балабақша құрылтайшысы банктен қарыз алған, ал 130 миллион теңге сомасын «Даму» қоры субсидиялайды.
Ерлан Қошанов неліктен мемлекет үшін биснеспен серіктестік жаңа балабақша салудан тиімдірек екенін түсіндірді.
«Жеке меншік балабақшаларды субсидиялау жылына 900 млн теңгені құрайды. Осының арқасында 3000-нан астам орын құрылады. Ал бір балабақшаның құрылысына 320 млн теңге қажет», - деді аймақ басшысы.
Облыстық білім басқармасында жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерді ашу бойынша қадамдық нұсқаулық құрастырған. Үлгілі бизнес-жоспар да бар. Әлеуметтік бизнеске қаржысын құйып жатқан кәсіпкерлер Бизнестің жол картасы-2020 бойынша мемлекеттік құралдарды пайдалана алады.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Абай жылының айшықты тұстары -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр