- Басты
- Жаңалықтар
- ҚАӨМ озық инновациялық жетістіктерді қолданады
ҚАӨМ озық инновациялық жетістіктерді қолданады
Кездесуде Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің негізгі мақсаты озық ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде Қазақстан әскері үшін қару-жарақ жасау, аэроғарыш қызметін дамыту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету екеніне назар аударды.
«Қазір бұл министрліктің құзырында бұған дейін түрлі ведомствоның қарауында болған салалар бар. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі озық инновациялық әзірлемелерді бірінші болып қолданып келе жатқан мемлекеттік органдардың қатарында», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстан Президентін атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен осы саладағы ортамерзімді перспективадағы жоспарлар жөнінде хабардар етті.
« Министрлік Сіздің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауыңызды жоспарлы түрде іске асырып келеді. Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Сондай-ақ, қорғаныс кешені мен өнімді экспорттау кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту жөнінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мемлекеттік қорғаныс тапсырысы әзірленіп, іске асырыла бастады», – деді Б.Атамқұлов.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен аэроғарыш қызметін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева -
Тоқаев: Еріктілер Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті -
Ең озық қолжетімді технологияларды енгізетін кәсіпорындар экологиялық төлемдерден босатылады -
"100 жаңа есім" жеңімпазы: Әлемде аналогы жоқ инновациялық мата өндіремін -
Қазақстан қалдықтарды өңдеу саласында Франция тәжірибесін қолданады -
С. Жақсыбеков: индустрияландыру инновациялық технологияларды енгізудің флагманы болуы тиіс -
Қазақстанда қалдықтарды тиімді басқарудың озық үлгісі енгізіледі -
Қазақстанның инновациялық стартаптарды дамытудағы әлеуеті өте жоғары – Джейсон Ли -
Алматы балабақшасында ерекше инновациялық технология пайда болды -
Жастар арасындағы инновациялық байқау қандай мүмкіндік береді -
Қазақстан автотуризмді дамытуда Қытайдың тәжірибесін қолданады -
Бір белдеу-бір жол: Қазақ-қытай құрылысындағы жетістіктердің дерекнамасы