- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да «Нұрлы жол» аясында 4 мектеп салынады
БҚО-да «Нұрлы жол» аясында 4 мектеп салынады
Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, Парламент Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Павел Казанцев және Қанат Мусин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен келді.
Депутатар өңірдегі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан Орал қаласындағы №4 мектептің құрылысымен танысты. Бұл барлық заманауи талаптарға сай 300 оқушыға арналған Орал қаласындағы №4 жалпы білім беретін орта мектебі.
«Бұл жердегі апатты жағдайдағы мектепті сәуір айында бұзып, бүгін міне, дәл осы жерге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңадан мектеп салынып жатқанын көріп отырмыз. Бұдан былай балалар мына мектептің және бұдан басқа 7 мектептің су жаңа кластарында білім алуға мүмкіндік алады. Мұнда, яғни Орал қаласында біз бизнес-құрылымдарының, үкімет пен партиялық бақылау комиссияларының өзара тығыз қарым-қатынасы құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруіне оң әсерін тигізіп отырғанына куә болдық. Бір қуантарлық жәйт, аталмыш нысанды мердігер компания уақытынан бұрын тапсырғалы тұр. Нысандарды қаржыландыруға Ұлттық қордан бөлінген қаражат жұмсалып, президенттің жеке бақылауында, сондықтан біз, депутаттар, қандай да бір проблемаларды анықтау мақсатында өңірлерге арнайы келіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын тексереміз», - деді Павел Казанцев.
Айта кетейік, БҚО-да «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы құрылыс нысандарына барлығы 20 млрд.тенге қаражат бөлінген. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам адамға арналған 15 көп пәтерлі тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар 3 мың оқушыға арналған 8 мектеп салынуда, олардың 4-уі ұлттық қордан бөлінген «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынуда.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы