- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО ауруханалары компьютерлік техникамен жарақтандырылады
ШҚО ауруханалары компьютерлік техникамен жарақтандырылады
Шығыс Қазақстан облысында ауруханаларды компьютерлермен жарақтандыруға 1 млрд теңге бөлінген. Ұйымдық техника мекемелерге қазан айында келіп түседі. Өңірдің медициналық мекемелерінің жартысы интернетке қолжетімділікке ие болады, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Халықтың 77 пайызына қызмет көрсететін ауруханалардың 27 пайызы интернетке қосылған. Келесі жылы тағы 140 медициналық ұйымды қосамыз, сонда интернетке қосылған мекемелер халықтың 93,3 пайызына қызмет көрсететін болады. Әзірше 336 медициналық пункт бойынша мәселе пысықталуда. Бұл өңірдің медициналық объектілерінің жартысына жуығын құрайды», - деді өңір басшысы Даниал Ахметов Үкімет отырысында.
Елімізде Міндетті медициналық сақтандыру қоры іске қосылмақ. Оның сәтті жұмыс істеуі үшін денсаулық сақтау объектілерін интернет-байланыспен қамтамасыз ету қажет. Компьютерлер алғаннан кейін ауруханалардың жарақтандырылу деңгейі 27 пайыздан 100 пайызға дейін артса, медициналық мекемелердің жартысына жуығы интернетке қолжетімділікке ие болады.
-
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы -
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды -
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады -
ПТР тестін тапсыру мен КТ-ға түсу қажет пе?! -
ШҚО-ның полицейі кәмелетке толмаған үш бүлдіршінді өрттен құтқарды -
ШҚО-да ҚХА мүшелері республикадағы алғашқы достық үйінің ашылуын еске алды -
Мақтаарал ауруханаларында коронавируспен ауырған науқас жоқ -
ШҚО-да миллионнан астам гектарға егін егіледі -
ШҚО-дағы сауда орындарында санитарлық жағдай қатаң сақталады -
ШҚО-да бала асырап алу тәртібі түсіндірілді -
Еріктілер жылына орай ШҚО-да «Ауылдағы жаз» жобасы іске асады -
Д.Ахметов: ШҚО-да денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарып келеді -
ШҚО-да АӘК алатын көпбалалы аналар бизнесті сәтті іске қосуда -
ШҚО-да "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 30 мыңнан астам адам қатысты