- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мырзахметов: Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты
А.Мырзахметов: Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты
«Форум барысында АӨК-ке 160 млн. доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі аргарлық ынтымақтастық аясында «Үлгілік аймақ» құру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум жасасты. Аграрлық ынтымақтастық бойынша «Үлгілік аймақ» кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы саласында жаңа инновацияны енгізетін болады. Аталған жоба «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында жүзеге асырылады»,- деп атап өтті А.Мырзахметов.
Форум шеңберінде Қытай еліне қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша «Азық түлік корпорациясы» АҚ Ұлттық компаниясымен бірнеше келісімдерге қол қойылды: Xi'an Aijugrain & Oil Industry Group Co Ltd компаниясы арасында дәнді дақылдар мен майлы дақылдар саудасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім, Zhongxinjian LLC компаниясы арасында сауда-саттық бойынша меморандум, Xinjiang Zhaofenghe Bio-technology Co компаниясы арасында дәнді дақылдар саудасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім.
Бұл келісімдер ҚХР-ге 200 мың тонна дәнді-дақыл және 100 мың тонна майлы дақылдарды экспорттауға сонымен қоса, аталған дәнді-дақыл түрлерін шекаралық аймақта сақтайтын терминал құруға мүмкіндік береді.
Форумда тағы бір қол қойылған Меморандум "Жаннур-Астана Групп" ЖШС мен Қытайдың «Тиньян Иньхай провинции Хэнань» тұқым өндіру компаниясы арасында ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жөнінде болды. Аталған Келісім ҚР аумағында дәнді-дақылдарды өңдеудің оның ішінде тұқым шаруашылығында технологияны трансферттеудің толық циклын жасайды.
«Қазіргі таңда бұрын қол қойылған Келісімдер бойынша рапс майын, сүт, ет, қызанақ және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша біріккен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Citic Group компаниясымен жүргізген ынтымақтастық барысында бидай және бидайдың сабанын өңдеу бойынша екі үлкен жоба іске асырылып жатыр.Сонымен қатар, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен Қытайдың XISEN компаниясы арасында картоп өсіретін тәжірибелік демонстративті стационар құру бойынша Келісімге және осы университетпен Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасында біріккен агротехпарк құру жөнінде Келісімге қол қойылды», - деді А.Мырзахметов.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Астана қаласында өткен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен болған кездесу барысында да Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу және инвестиция тарту маңыздылығы бірнеше рет айрықша аталып өткен болатын. Осы жылдың ақпан айында қабылданған ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы барысында ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу бойынша екіжақты ынтымақтастық жұмыстарын жүргізу жалғасын табуда.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстан-Қытай инвестициялық аграрлық форумы өтті. Шара барысында АӨК-ке 160 млн. доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды.
Қайрат Жандыбаев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды