- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында «Агроқала» салынады
Павлодар облысында «Агроқала» салынады
Облыс әкімдігі хабарлағандай, қазіргі уақытта Польшаның қаржы институттарымен және Польша мен РФ әлеуетті серіктестерімен уағдаластыққа қол жеткізілді. Жобаның жалпы бағасы 144 млрд. теңге, оның ішінде 80% поляк инвестициясы.
«Бағдарламаның негізгі мәні - Қазақстанға поляктардың озық технологиясын, жабдықтарын, техникасын, мамандарын тарту. Жерді суаруды қайта реттеуді жоспарлаудамыз, аталған жер Қазақстан су шаруашылығы басшыларымен және Сәтбаев атындағы каналдың басшысымен келісілді. Бұл жерде жемшөптік дақылдар, қант қызылшасын, көкөністер, күнбағыс, бау-бақша және жеміс-жидек дақылдарын егу, сондай-ақ қойма құрылысы, соның ішінде мұздатқыштар орнату, қант және май, ет өнімдерінің зауыты, кептірілген және тоңазытылған жеміс-жидектерді, түйіршіктелген жемді, қаптамаларды өндіру жоспарлануда»,- деді "Агроқала" ЖШС бас директоры Николай Карташев.
Жоба бастамашысы болашақта Польша мен Павлодар оқу орындарының базасында оқыту орталығын құруды жоспарлап отыр.
Кездесу барысында облыс әкімі Болат Бақауов инвесторға мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.
Облысымыздың әр ауданында аграрлық колледждер бар, оның бірін сенімді басқаруға бере аламыз. Осының негізінде мамандарды дайындау барысында еуропалық үлгідегі дипломды алуға мүмкіндік беріледі.
Инвестор жобасын іске асыру үшін аймақ басшысы өзінің орынбасарларына аталған жобаны жан-жақты зерттеп білуді тапсырды. Жобаның бірінші кезеңі Екібастұз қаласынан басталмақ.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді