- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның жаңа колледжі жастарды тапшы мамандықтарға оқытады
ОҚО-ның жаңа колледжі жастарды тапшы мамандықтарға оқытады
«Бәйдібек ауданының орталығы − Шаян елді мекенінде №19 колледждің 360 орындық жаңа оқу ғимараты мен 180 орындық жатақханасы пайдалануға берілді. Оқу орнының ашылу салтанатына облыс әкімі А.Мырзахметов қатысып, аудан тұрғындарын үлкен қуаныштарымен құттықтады. Облыс басшысы өз сөзінде бүгінгі еңбек нарығы кәсіптік мамандықтар иелеріне зәру екендігін айта отырып, мұнда жастардың кәсіптік білім алуларына барлық мүмкіндіктер жасалғандығын жеткізді», - делінген хабарлады.
Оқу ғимаратында 15 оқу кабинеттері жабдықталған. Оның ішінде 6 − арнайы технология, 6 − лингофон және 3 − информатика кабинеттері бар. Одан бөлек химия, биология, физика пәндеріне арналған кабинеттер мен ұстаздар және әдістемелік көмек көрсету бөлмелері, зертханалар қарастырылған. Озық сәулет үлгісімен салынған ғимаратта дәрігерлік көмек көрсету және жуыну бөлмелері, 8 оқу шеберханалары, 90 орындық асхана, 44 орындық кітапхана, 156 орындық мәжіліс залы және спорт кешені орналасқан.
Аталмыш оқу орны 1958 жылы бұрынғы Алғабас ауданы, Жамбыл елді мекеніндегі Жүзімдік машина-трактор стансасының базасында құрылған. Арнайы ғимараты болмаған оқу орны әр жылдары Қызылжар, Жамбыл, Шаян елді мекендеріндегі ескі ғимараттарда орналасқан болатын.
Бүгінгі таңда бұл жаңа заманауи ғимаратқа ие болған оқу орнында «тігінші», «ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист», «электр құралдарын жөндеуші электромонтер» мамандықтары бойынша барлығы 338 адам білім алуда.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды