- Басты
- Жаңалықтар
- Еңбек министрлігі 115 мыңнан астам ынтымақтастық туралы меморандум түзді
Еңбек министрлігі 115 мыңнан астам ынтымақтастық туралы меморандум түзді
«2017 жылдың алғашқы жартысында мұндай тексеріске 164,3 мың адам жұмыс істейтін 306 кәсіпорын ілікті. Аталған іс-қимылдар барысында штаттың қысқаруына байланысты 1979 жұмысшымен еңбек қатынастары тоқтатылғанымен, 5,1 мың еңбеккер икемді жұмыс сипатына көшті. Өңірлерде ахуалды жақсарту үшін дағдарысқа қарсы штабтар мен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиялар қызметі күшейтілді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мәселен, 2017 жылдың басынан бері мүдделі мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік серіктес тараптардың қатысуымен дағдарысқа қарсы штабтардың 27 және үш жақты комиссиялардың 24 отырысы өткізілді. Оларда жұмысшыларын қысқартуға жол берген кәсіпорындардың 232 басшысы тыңдалды.
Министрлік әлеуметтік үдерістерді тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қабылданған міндеттерді бұлжытпай сақтау бағыттарында әкімдіктер, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қою әрекеттерін үзбей жалғастырып келеді.
Биылғы 1 шілдеде бекітілген 115 мыңнан астам меморандумның 1,6 мыңы ірі, ал 113,4 мыңы орта және шағын кәсіпорындармен болып отыр. Тараптар тиісті талаптардан ауытқамаған жағдайда, 2,8 млнадамның жұмыс орны сақталып қалмақ.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі