- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары Ақмола облысындағы сайлаушылармен кездесті
Мәжіліс депутаттары Ақмола облысындағы сайлаушылармен кездесті
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, Көкшетауда депутаттар 2005 жылы құрылған қазақстандық-ресейлік «Камаз Инжиниринг» АҚ өнеркәсіптік кәсіпорнына барды. Бүгінгі таңда зауытта 200-ге жуық адам еңбек етеді. Депутаттарға құрастырылған цехтердің жұмысы таныстырылды. Мәжілісмендер жұмыспен танысқан соң, кәсіпорынның инженерлерімен әңгімелесті. Әңгіме барысында депутаттар облыстағы индустрияның кезеңдеп дамуы туралы мәселе қозғады, өңірдің ірі кәсіпорындары шағын және орта бизнестің тапсырмасын орындап отырғанын жеткізді.
«Біз өндірістік үрдісті тамашаладық, жұмысшылармен әңгімелесіп, көкейінде жүрген сұрақтарына жауап бердік. Жұмысшыларға әлеуметтік топтама қарастырылған, орташа айлық 140-150 мың теңгеге дейін жетеді. Сондай-ақ, жұмысшыларға қажетті медициналық көмек те көрсетіледі», - деді Майра Айсина.
Сонымен қатар, депутаттар Көкшетау автобус паркінің ұжымымен кездесті. Тұрғындармен әңгімелесу барысында ЖЖМ мен автомобиль бөлшектері бағасының қымбаттылығы, жас отбасыларды баспанамен қамту мәселелері қарастырылды.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында парламентшілер өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен әңгімелесті. Депутаттар Парламенттегі жұмысы туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
-
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр -
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады