• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Бәйтерек» пен британиялық компаниялардың инвестициялық ынтымақтастығы талқыланды

Астанада «Бәйтерек» пен британиялық компаниялардың инвестициялық ынтымақтастығы талқыланды

11 Шілде, 2017 09:32
Лондондық ситидің лорд-мэры, доктор Эндрю Пармли бастаған британиялық делегациямен кездесті.

Холдингтің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тараптар кездесу барысында екі жақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың кеңістігін кеңейту мәселелерін талқылады.

Ерболат Досаев ірі, орташа және шағын бизнеске қолдау көрсетуге, экспорттық әлеуетті кеңейтуге, технология мен бизнес трансферті мен қолжетімді баспананы салуға бағытталған холдинг қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

«Бәйтерек» холдингі екіжақты сауда инвестициялық қарым- қатынасты дамытуға  белсенді атсалысуға дайын және британиялық компаниялар мен инвесторларды тарту арқылы ұзақмерзімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр», - деп атап өтті Е. Досаев.

Тараптар Лондонмен сауда-қаржы  байланысын дамытудың мағңыздылығын атап өтті. Себебі ол әлемдің қаржы орталығы және Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ пен Орталық Азиядағы әлеуеті зор нарық. Оның үстіне, британиялық тарап Қазақстанда «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық инфрақұрылдымдық бастамаларды жүзеге асыруда маңызды рөл көріп отыр.

Ал, британдық тараптың «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуы туралы сұхбатта жаңартылған энергия көздері саласындағы отандық жобаларға қолдау көрсету және энерготиімділікті арттыру мақсатында  «жасыл қаржыландыру» саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.   

Барлық жаңалықтар