- Басты
- Жаңалықтар
- Құрметті консулдар «ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медальдарымен марапатталды (ФОТО)
Құрметті консулдар «ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медальдарымен марапатталды (ФОТО)
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Съезге қатысушыларды Елбасының еліміздің сыртқы саясатын «экономикаландыру» туралы тапсырмаларын іске асыру бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігінің жұмысымен таныстырып өтті.
Ол сыртқы саяси ведомство қызметінің жаңа тәсілдерін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазақстан экономикасының басым салаларына шетелдік инвестициялар мен инновациялық технологияларды тарту, сондай-ақ шетелдік нарықтарда қазақстандық кәсіпорындардың өнімін ілгерілету ҚР СІМ қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Сондай-ақ Мұхтар Тілеуберді министрліктің визасыз кеңістікті кеңейту және көші-қон заңнамасын жетілдіру арқылы инвестициялық климатты жақсартуға және елдің туристік әлеуетін іске асыруға бағытталған визалық саясатты ырықтандыру жөніндегі қызметі туралы айтып берді.
Іс-шара қорытындылары бойынша М. Тілеуберді құрметті консулдардың ҚР сыртқы саясатын іске асырудағы маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстан экономикасының басым секторларына шетелдік инвесторларды тартуға және қазақстандық өнімді шетелдік нарықтарға шығаруға белсенді қатысуға шақырды.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шара барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі және шетелдегі қазақстандық азаматтарға белсенді түрде жәрдемдескені үшін ҚР құрметті консулдары «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» ведомстволық медальдарымен марапатталды.
Іс-шараға Қазақстанның 45 елдегі 84 құрметті консулы және 31 шетелдік мемлекеттің Қазақстанда аккредиттелген 47 құрметті консулы қатысқанын айта кеткен жөн.
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады -
ҚР дипломатиялық қызметi туpалы заң жобасына қандай түзетулер енгізілмек -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды