- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттердің қосымша түрлері шығарылады
ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттердің қосымша түрлері шығарылады
«1-10 шілде аралығында Қала күнін атап өтуге орай біз екі акция өткізіп, жаңа билет түрін енгіздік. Бұл кешкі сағат 18.30-дан бастап көрменің жабылуына дейін қолданылатын кешкі билет. Осылайша, осы 9 күннің қорытындысы бойынша 25,5 мың адам кешкі билетті пайдаланған. «3+1» акциясы бойынша, яғни үш билет сатып алынса, біреуі сыйға беріледі, 14,5 мың адам билет сатып алған. Демалыс күндері 17 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін болатын жастар тарифін 50 мыңнан астам жас азамат пайдаланды. Сондай-ақ қазір бірқатар қосымша билет түрлерін шығаруды пысықтап жатырмыз», - деп ақпараттандырды Дәулет Еркімбаев.
Оның айтуынша, бүгінгі күні көрмеге 1 млн 800 мыңға жуық билет өткізілген. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері де толық жұмыс істеуде.
«Қоғамдық тамақтану объектілері бойынша аумақта 25 стационарлық қоғамдық тамақтану нүктесі және 33 киоск бар. Бір ай ішінде осы мейрамханалар мен дәмханалардың қызметтерін 210 мыңға жуық адам пайдаланған. Жалпы, көрме аумағындағы тамақ қауіпсіздігі жайында айтатын болсақ, бізде логистикалық орталық бар, ол арқылы барлық жүктер, соның ішінде азық-түлік көрме аумағына әкелінеді. Онда санитариялық қызмет және ветеринариялық бақылау қызметі тұрақты негізде кезекшілік атқарады», - деді Д. Еркімбаев.
Бұдан бөлек, барлық өнімдерді тексеру жүргізіледі және әкелінетін азық-түлік тауарларын бақылауды жүзеге асыратын уақытша зертхана да бар.
«Сондай-ақ бізде 1320 орынға арналған асхана жұмыс істейді, онда волонтерлер, топ болып келушілер, негізінен балалар тамақтанады. Жақсы көрсеткіштердің бірі - бұл кәдесый өнімін өткізу. Қазіргі уақытта біз 80 млн теңгеден астам сомаға 40 мыңға жуық бірлік кәдесый өнімін өткіздік. Бұл көрмеге келушілердің жоғары қызығушылығын білдіреді», - деп қорытындылады коммерцияландыру департаментінің директоры.
Еске сала кетейік, бүгін баспасөз конференциясы барысында дирекция ең танымал шетелдік павильондарды атап өткен болатын. Жалпы, 10 маусым - 10 шілде аралығындағы кезеңде халықаралық мамандандырылған көрмеге 921 мың 293 адам келген.
Ақбота Күзекбай
-
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Карантин: Қандай қосымша шаралар қабылданады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Ashyq-тың функционалы қандай қосымшаларда жұмыс істейді -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
COVID-19: вакцина саны мен түрлері, вакцинаның репродуктивті денсаулыққа әсері -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
COVID-19: Төсек-орын қоры, вакцинациялау және Ashyq қосымшасы -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Вакцина алу үшін eGov mobile аpқылы кезекке тұpу, «Saqbol» қосымшасы және ауылдардағы интернет сапасы -
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек