- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең танымал шетелдік павильондар анықталды
ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең танымал шетелдік павильондар анықталды
«Павильондардың танымалдылығы туралы айтатын болсақ. Бүгінде олар: Ресей, Өзбекстан, Германия, Үндістан, Оңтүстік Корея және Африка плаза. Келушілер африкалық елдер сынды экзотикалық елдерге көп көңіл аударады», - деді И.Оразақов.
Жалпы, бір ай ішінде 27 ұлттық күн мен 54 тақырыптық шара өтті.
«Бүгінгі таңда павильондар жалпы 5 млн.960 мың келушілерді қабылдаған, бір отбасы орташа есеппен 5-тен 7 павильонға дейін тамашалайды. Қатысушылар бізге тәуелсіз түрде дөңгелек үстел мен форумдар өткізе алатынын айтқан болатынбыз. Бүгінгі таңда көрмені 23 ел мен үкімет басшысы тамашалаған», - деді департамент директоры.
И.Оразақовтың айтуынша, павильондар аясында қатысушылар сауда қызметін де жүзеге асыруда. Олардың көп бөлігінде мейрамхана мен қолөнер дүңгіршіктері бар.
Сондай-ақ, бүгінде қатысушылар павильонына баға беретін халықаралық әділқазылар алқасының сессиясы басталды.
«Әділқазылардың халықаралық сессиясы екі рет өтеді. Алғашқысы 10-13 шілде аралығында болса, екіншісі – 4-7 қыркүйек аралығында жұмыс істейді. Халықаралық бюро сарапшылар тобын жіберді. Көрме соңында бірқатар талап бойынша үздік павильондар марапатталады», - деді И.Оразақов.
Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» АҚ дирекциясы 10 маусым мен 10 шілде арасындағы көрменің қорытындысын жариялады.
Ақбота Күзекбай
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар