- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты төртінші Халықаралық байқау қорытындысы шықты
«Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты төртінші Халықаралық байқау қорытындысы шықты
СІМ хабарлағандай, осы жылы ұйымдастыру комитетіне 29 елден келіп түскен 83 өтінімнің арасынан байқау комиссиясы бес өңір бойынша жеңімпаздарды анықтады.
«ТМД және Балтық елдер авторларының арасында әзербайжандық Перване Султанова жеңімпаз атанды. Оның «Қазақстанның жаңа миссиясы: энергетикадан бейбіт дипломатияға» атты мақаласы «1news.az» ақпараттық агенттігінің сайтында әзербайжан тілінде жарық көрді.Қазылар алқасы Еуропа журналистері арасынан итальяндық Илария Капитанионы «Vocal Europe» журналында жарық көрген «Мүмкіндіктер мен қиындықтар арқылы Қазақстан жаңғыру толқынына шықты» атты мақаласы үшін жеңімпаз ретінде анықтады», - делінген хабарламада.
Канадалық Том Тейлордың «Wildlives.co» сайтында жарияланған «Қазақстанға бару үшін бес себеп» атты мақаласы Америка құрлығының журналистері арасындағы ең үздік мақала болып табылды.
Азия, Аустралия және Океания елдерінен қазылар алқасы Оңтүстік Кореяның Джоел Лиді «The Korea Herald» газетінде жарияланған «Этникалық кәрістер Қазақстанда табысқа жетуде» деген мақаласын таңдады.
Таяу Шығыс пен Африка елдерінің жеңімпазы – Израильдік Уди Шахам «The Jerusalem Post» басылымында «Қазақстан «Жаңа Жібек жолының» астанасы рөліне ұмтылады» деп аталатын мақаласын жариялаған.
Жеңімпаздардан басқа бес өңірдің әрқайсысында қосымша үздік жарияланымдар атанды, олардың авторлары Сыртқы істер министрінің атынан алғыс сертификаттарын алатын болады.
Байқау комиссияның құрамына ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Бас редакторлар клубының президенті Ержан Бекхожин кірді.
Байқау ережесіне сәйкес, жеңімпаздар ү.ж. тамыз айында Қазақстанға, нақтырақ айтқанда, Астанаға, Алматыға және Бурабайға сапар шеге алады. Олар, сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің павильондарына, мәдени және тарихи объектілерге барып, Қазақстанның лауазымды басшыларымен, сарапшылармен, журналистермен, мәдениет, спорт және туризм саласының өкілдерімен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”