- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 бір айда 920 мыңнан астам адам тамашалады
ЭКСПО-2017 бір айда 920 мыңнан астам адам тамашалады
«Біз ертең түстен кейін милионыншы қонақ келеді деп күтудеміз, 17.00-19.00 сағат аралығында шамамен. Ал, жалпы кіріп шыққандардың жиынтық саны 5 млн 960 мыңды құрады. Көрменің негізгі нысандарын 834 мың 579 рет көріп шыққан», - деді басқарушы директор.
Б. Қарымсақов атап өткендей, ең көп келетін нысан - «Нұр-Алем», онда 303 007 адам болған.
«Көрсетілген мерзім ішінде көрмеге жеңілдетілген тариф бойынша 160 мың адам келген. Олар зейнеткрелер, оқушылар, алты жасқа толмаған балалар мен мүгедектер және ҰОС ардагерлері. 407 700 адам көрмеге басқа аймақтардан келген, олардың ішінде 17 700 балалар. Біздің бақылаумызша олар көбіне Қарағанды, Павлодар мен Ақмола облысынан келген», - деп баса айтты Бейбіт Қарымсақов.
Спикердің хабарлауынша, осы уақыт аралығында көрмеге 130 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Бұл шамамен 14% құрап отыр. Шетелдік қонақтардың ішінде Ресейден 35 мың адам, Германиядан 19 мың адам, Қытайдан 11,5 мың адам келген.
«Өздеріңіз білетіндей ашық аспан жүйесі жұмыс істеуде. 21 авиакомпания 28 халықаралық бағыттар бойынша авиарейстерді жүзеге асыруда. Қаладағы қонақ үйлер 60%-ға толып тұр. Сонымен қатар, аталған мерзім ішінде көрме алаңында 1031 мәдени, ойын сауық және іскерлік шаралар өткізілді. Бұдан басқа, мемлекет басшыларының, министрлердің, комиссарлардың қатысуымен 84 хаттамалық шаралар ұйымдастырылды. Жалпы, көрме өзінің жұмысын штаттық режимде жалғастыруда», - деп түйді Б. Қарымсақов.
Ақбота Күзекбай
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды