- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық стартап 1 млн доллар үшін Швейцарияда бақ сынамақ
Қазақстандық стартап 1 млн доллар үшін Швейцарияда бақ сынамақ
Constant-lab компаниясы биометрлік құрылғылар негізінде жұмыс уақытын есепке алу қосымшасы Clockster сервисімен байқаудың қазақстандың кезеңінің жеңімпазы атанды. Бұл жоба Қазақстанда ең перспективалы стартап жоба болып танылды.
Constant-lab директоры Ержан Рысқалиев Швейцарияда өтетін Seedstars Global Summit соңғы кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды, бағдарламаға сондай-ақ бір апталық тренинг және әлемнің әр түкпірінен келген 80 жеңімпазбен, инвесторлармен және жетекшілермен танысу мүмкіндігі кіреді.
Саммиттің соңғы күнінде қатысушылар мыңдаған көрерменнің алдында өз жобаларымен таныстыра отырып, 1 млн долларға дейін сыйлық жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.
Конверсия деңгейі жоғары және дауыспен бақылау функциясымен қамтамасыз етілген интернет-дүкендерге арналған интеллектуалдық көмекші жобасын ұсынған NiceWidget компаниясы екінші орынды иеленді. Сондай-ақ жарнама берушілерге өз тауарлары мен қызметтерін әлеуметтік желілердегі ұсыным берушілер арқылы ілгерілетуге мүмкіндік беретін автоматты сервис ұсынған AdBird компаниясы да байқау сыйлығына ие болды.
Дамушы нарықтары және жылдам өсіп келе жатқан жас технологиялық компаниялары бар елдерге арналған өзінің әлемдік байқауын одан әрі жалғастыра отыра, Seedstars World келесі аялдамасын Молдавиядағы үздік стартап жобаларды іріктеп алу үшін Кишинев қаласында жасамақ. Seedstars World компаниясы өңірлік мәселелерді шешіп, әлемдік нарық үшін пайдалы өнімдер әзірлейтін үздік стартап жобаларды іздейді.
Еске сала кетейік, Seedstars – халықаралық ұйым, оның міндеті – дамушы нарықтық экономикасы бар елдерде технологиялар мен кәсіпкерлік арқылы адамдарға әсер ету.
Қайрат Жандыбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді