- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 33 мыңнан астам бала балабақшаға кезекте тұр
Астанада 33 мыңнан астам бала балабақшаға кезекте тұр
Қазір астаналық бақшаға 46 062 бала барады. Олардың 27 193-і мемлекеттік, 14 854-і жеке бақшаға барады. Шамамен 6 мың бүлдіршін шағын орталыққа және мектепке дейінгі мекемелерге (мектепке даярлық орталықтары) барады.
А. Жанғозиннің сөзіне қарағанда, мектепке дейінгі балалардың саны туу және көші-қон көрсеткішінің өсуімен артуда. Қазір Астанада балабақша кезегінде тұрған 33 мыңнан астам бала бар. Күнделікті бақша кезегіне шамамен 90 бала тұрады (60-70 сәби туады), көші-қон есебінен 20 бала.
«Кезекті жылжыту үшін, 2017 жылы 480 орындық екі мемлекеттік бақшаны және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 720 орындық үш бақшаны пайдалануға беру жоспарлануда. Жақында ғана біз 1680 орынға шақталған МЖС аясында алты бақша салу жөнінде келісім-шартқа қол қойдық. Олар 2019 жылы пайдалануға беріледі», - деді қалалық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Жанғозин.
Білім басқармасы жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен 10 мың орындық жеке бақша ашуды қолға алды. Осылайша 2019 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі балаларды бақшамен қамту жоспарлануда. Ол үшін 30 мың орынға арналған 200-ден астам бақша ашу көзделіп отыр.
Тек биыл 5 мыңға жуық сәби мемлекеттік тапсырыс арқылы жеке бақшаға жолдама алады.
«Мемлекеттік тапсырыс 16 мың теңгеден 23 мың теңгеге дейін артты. Күн сайын жеке бақшаға жолдама алатын бүлдіршіндердің саны артуда. Біз бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді А. Жанғозин.
Қазіргі уақытта қалада мектепке дейінгі 263 мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 96 мемлекеттік, 2 ведомстволық және 116 жеке, 49 шағын орта бар, деп хабарланды астаналық әкімдіктің медиа орталығынан.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді