- Басты
- Жаңалықтар
- Ахметжан Есімов: 2014 жыл Алматыдағы қоғамдық көлік пен тау шаңғысы туризмін дамытуға арналады
Ахметжан Есімов: 2014 жыл Алматыдағы қоғамдық көлік пен тау шаңғысы туризмін дамытуға арналады
Ахметжан Есімовтың айтуынша, жыл Алматыдағы қоғамдық көлік пен тау шаңғысы туризмін дамытуға арналмақ. Алматы қаласының аз уақытта Азиядағы тау шаңғысы орталығына айналу мүмкіндігі бар деп қала әкімі «Көкжайлау» курортының дамуына өз бағасын берді.
Сонымен қатар, Көкжайлаудағы курортты және тау шаңғысы инфрақұрылымын құру жоспары таныстырылды және «Медеу», «Шымбұлақ» тау кешендері, «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты, Талғар асуының таулы аумағы, Нұрсұлтан және Құмбел шыңдары енетін Алматы маңынан бірыңғай туристік кластер құру идеясы талқыланды.
Жоба Швейцария мен Сингапурдың атақты компаниялары тарапынан дайындалып, қала тұрғындары мен қонақтарына бірқатар игіліктерді ұсынбақ. Болашақ кешеннің дайындалуында Алматы тауларының табиғи сұлулығын сақтауға, олардың фаунасы мен флорасын сақтау мен қорғауға және осы жерлердің түрлі жастағы адамдардың баруына жағдай тудыруға баса мән берілмек.
«Біздің тауларымыз «Көкжайлау» демалыс орнын нағыз демалу және сауықтыру орнына айналдырады. Кешен барлық уақытта және барлық жастағы адамдарға қолжетімді етіледі. Және онда тек қана шаңғы мен сноуборт тебілмей, жаяу жүргіншілер мен велосипед мінген демалушыларға да жағдай жасалады. Онда қарттар мен балаларға, жасөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты жағдай жасау көзделіп отыр», - деді әкім.
Сингапур мамандары тарапынан ұсынылған тұжырымдама демалыс орны инфрақұрылымы мен тау сұлулығын қоса өріп байланыстыруды көздейді. Ол Жібек жолы мен «тау ауылындағы» азиялық елдердің ұғымындағы «Керуен-сарай» синтезіне негізделген. Бастысы кез келген адамның мұнда өзін жақсы сезініп, дұрыс дем алуы. Осы орайда «Керуен сарай» дем алушыға табиғат сұлулығын паш ете отырып жанына рахат сыйлайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Көкжайлау» демалыс орнын салу жобасы қазірдің өзінде көптеген беделді қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, қоршаған орта, экономика мен туризм саласындағы сарапшылар тарапынан қолдау тауып отыр. Жобаның кеңес берушілері ретінде халықаралық тау шаңғысы туризмі саласының мамандары жұмыс істейді. Атап айтар болсақ олар – әлемдік демалыс орны жетекшілері Клод Фор («Куршевель», Франция), Алессандро Марзола («Доломиты суперски», Италия), Жоан Виладомат («Грандвалира», Андорра).
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру