- Басты
- Жаңалықтар
- «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын қайта жөндеу жүргізілуде (ФОТО)
«Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын қайта жөндеу жүргізілуде (ФОТО)
Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлағандай, «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолы аса маңызды көлік инфрақұрылымдық нысаны болып табылады. Ол Құрық портынан басқа елдерге жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Жолдың екінші категориясы 85 шақырымды құрайды. Ол Өзбекстан шекарасынан басталып Бейнеу ауданынан өтеді.
«Өткен жылдың соңынан бастап еліміздің Өзбекстан Республикасымен қарым-қатынасы нығая түсті . Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында екі ел арасындағы сауда айналымы 37 %-ға өсті. Республиканың Өзбекстанмен байланыс жолы тек Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы мен Бейнеу ауданында ғана бар. Бейнеу ауданы Өзбекстанмен теміржол мен автомобиль жолы арқылы қатынас жасайтын еліміздің киелі қақпасы ғана емес, Орта Азияның Ресейге, одан әрі Еуропаға шығатын бірден-бір қатынас жолы. Маңғыстау облысы ірі көліктік логистикалық орталыққа айналып келеді», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Жолдың құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. Жобаның құны 19,8 млрд теңге. Мердігер «Теміржол Жөндеу» ЖШС-гі. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Ералы Тоғжанов автомобиль жолының реконструкция жасау жұмыстары қарқынды жүргізіледі, өйткені бұл Каспий көлік дәлізінде жүк тасымалдауды қамтамасыз ететін маңызды нысан екенін атап өтті.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Су тасқынын алдын алу шаралары жүргізілуде