Павлодарда құрғақ қымыз өндірісі бір жолға қойылады

10 Шілде, 2017 10:59
Павлодарлық кәсіпорындар он жылдан астам уақыт бойы шипалы бие сүтінен сусын өндірісімен айналысады, енді құрғақ қымыз өндірісін бір жолға қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлады Palata.kz.

Шаруашылық басшысы Сатпек Мукиннің айтуынша,  қымыз Павлодар аймағында ғана емес, сонымен қатар еліміз бойынша үлкен сұранысқа ие.    

«Көшпенділердің дәстүрлі сусының пайдасын бағалау мүмкін емес, сондықтанда құрғақ қымыз өндірісін бір жолға қоюды шешім қабылдадық. Оның үстіне бұл өнімге еуропалықтар тарапынан үлкен қызығушылық бар. Бүгінде құрғақ сүт өндірісі үшін құрал жабдықтар сатып алынды. Ол сүттің барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалуға мүмкіндік береді» - деп жоспарларымен бөлісті С. Мукин.

Қазіргі таңда фермада  12 млн теңгеге сатып алынған қымызды құятын жаңа технология енгізілді.

Бұдан басқа, Джеба тұқымдас 37 бас бие,  Мұғалжар тұқымдас үш айғыр сатып алынды. Сонымен қатар, биелерді сауу үшін  ауданы 1800 шаршы метр қора салынды. Бүгінде 900 сауын бие бар. Фермерлер күніне 300-400 литр қымыз өндіреді.

Атап өтер болсақ, «Алтай» ШҚ қымызы халықаралық сапа сертификаты бар, өндіруші 2009 жылы Қазақстанды Берлиндегі «Жасыл апта» көрмесінде таныстырды. 

Барлық жаңалықтар