Астанада аулаларды абаттандыру мен жөндеу жұмыстары жалғасуда

10 Шілде, 2017 09:54
Биыл спорттық, балалар жəне жастар жаттықтыру құралдарын, паркингтерді, тротуарларды біріктіретін барлығы 370 аула жөнделеді, 40 қоғамдық кеңістік салынады.

Əкім Әсет Исекешев   бірнеше аулаларға барып, онда бірқатар жаңа алаңқайлар мен абаттандыру жүргізіліп жатқан аулалар ашылды.

Əсет Исекешев "Құлагер" 1, 2 тұрғын үй кешенінде жаңа ауланың  ашылуына қатысты. Кешен тұрғын үйлерді сүру бағдарламасы аясында салынған.Қазіргі уақытта аула толығымен абаттандырылған, жолдар төселген. Бұл жерде көпфункционалды жаттығу құралдары, спорттық алаңдары, сәулеттік пішіндер орнатылған. Тұрғындар мемлекет басшысына жүргізілген жұмыстар үшін алғыс білдірді. 

Қала басшысы тұрғындармен кездесіп, қойылған сұрақтардың шешу жолдарын талқылады. Одан кейін жолдарды жөндеу, аялдамаларды орнату жылдам арада ретке келтіру бойынша тапсырмалар берілді. 

 

Барлық жаңалықтар