- Басты
- Жаңалықтар
- Иордания королі ИЫҰ алғашқы саммитіне қатысады
Иордания королі ИЫҰ алғашқы саммитіне қатысады
ИЫҰ сұрақтары жөніндегі ҚР Президентінің Арнайы өкілі, сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Иордания Хашимит Корольдігінің Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы, құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік министрі Бишр Хасаунамен кездесіп, алғашқы қазақстандық-иордандық саяси консультацияларды өткізді.
Мемлекеттік министрімен кездесуі барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың күй-жайы мен перспективаларды, өзекті халықаралық және өңірлік мәселелерді, сондай-ақ Таяу Шығыс өңірінің ағымдағы ахуалды талқылады.
Сұхбат барысында Иордания Королі Абдалла ІІ бен Әл-Хусейннің Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру бойынша мәселесіне аса назар аударылды. Иорданияның мемлекеттік министрі қазақстандық тарапының ұсынысын міндетті түрде иордан монархының назарына жеткізетінін сендіріп, ресми Амман аталған сұрақты мұқият қарастыратынын жеткізді.
Б.Хасауна ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік мәселелерді реттеу жолындағы үлесін ерекше атап өтті.
Иордания Қазақстанды жақын әрі дос мемлекет ретінде қарастыратынын қуаттап, екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екендігін жеткізді.
Иордандық тарап 2017 жылдың 10-11 қыркүйегінде Астанада өтетін Ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ бірінші саммитінде жоғары деңгейде қатысатындығын сендірді.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстандағы соңғы маңызды іс-шаралар, әсіресе өткен ШЫҰ саммиті мен жуырда ашылған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі жөнінде хабардар етті.
Орайлы сәтті пайдалана отырып, ол иорданиялық тарапты көрмеге қатысуға шақырды. Көрме екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін тиімді платформа ретінде бола алатындығына назар аударылды.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
Antikor Live: Иордания елшісі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тәжірибемен бөлісті -
Дәрігер: Қатерлі ісік неғұрлым алғашқы сатыда анықталса, емдеу нәтижелі болмақ
-
Зейнетақы жинақтарын пайдалану: алғашқы нәтиже, үй бағасының қымбаттауы, өтінім қабылдамаудың себептері -
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты -
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады -
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады -
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады -
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады -
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады