- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы келіссөздердің әр раунды нәтиже береді – Қ.Әбдірахманов
Астанадағы келіссөздердің әр раунды нәтиже береді – Қ.Әбдірахманов
Келіссөздерге Сирия үкіметінің, Сирия қаруланған оппозициясының, ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің кепілгерлері – Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы мен Иран Ислам Республикасының делегациялары және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Сирия жөніндегі Арнайы өкілі Стаффан де Мистура, байқаушылар ретіндегі Иордан Хашимит Корольдігі мен Америка Құрама Штаттарының өкілдері қатысты.
Екікүндік кездесу барлық тараптардың қатысуымен өткен пленарлық отырыста қорытылды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов осы жылдың басында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы мен тікелей қатысуымен басталған Астана процесінің нәтижелігігін атап өтті. Министрдің пікірінше, кездесу ұрыс іс-қимылдарды тоқтату режимін күшейту бағытында анық оң нәтижелер әкелді.
«Қазақстан сириялық жанжал әскери жолмен шешілмейтіндігіне сенімді. Бейбітшілік жолын тек диалог қана ашады. Ахуалды оңалту үшін әлі көп жұмыс жасалуы тиіс екені сөзсіз. Дегенмен, Астана процесіне қатысушылардың мақсатты әрекеттері бірте-бірте мәнді прогреске әкеліп жатыр. Қазақстан елордасындағы келіссөздердің әр раунды сириялықтардың жүздеген мыңдықтарының өмірлеріне игі өзгерістерге ілестейтін нақты нәтижелер алып келіп жатқаны даусыз», - деді Қ. Әбдірахманов. Отандық дипломаттың айтуынша, жанжалдың ауқымы мен қарқыны едәуір азайды, Сириядағы қажетсінетіндердің барлығына гуманитарлы жәрдем жеткізу үшін жағдайлар жасалуда.
Қазақстан сыртқысаяси ведомствосының басшысы пленарлы сессияға қатысушылардың назарына Сирия жөніндегі халықаралық кездесудің қорытындылары бойынша Иран, Ресей мен Түркиянің бірлескен мәлімдемесінің мәтінін (қоса берілген) ұсынды. Кепілгер-мемлекеттер ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимін бірлесе күшейту мен сириялық жанжалдағы тараптар арасында өзара сенім орнатуға әрекеттесуге бел байлағандықтарын білдірді.
Құжатта жанжалды реттеу бойынша негізгі қағидаларды ұстану мен жанжал аумағындағы гуманитарлы ахуалды дереу жақсартуға берілгендік ерекше ескертілген.
Мәлімдемеде Женевадағы бейбіт келіссөздерін, соның ішінде олардың 10 шілдеде басталуы жоспарланған кезекті раундының өткізілуіне, демеу болатын Астана процесінің түбегейлі маңызды рөлі айтылған. Астанадағы кезекті кездесуді өткізгені үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан билік органдарына алғыс білдірілген. Астана процессі шеңберіндегі жоғары деңгейдегі келесі отырысты 2017 жылғы тамыз айының соңғы аптасында өткізу ұйғарылды.
-
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер