Астана әкімі Елорда күнімен құттықтады

6 Шілде, 2017 11:37
Астана әкімі Әсет Исекешев Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана күні - тәуелсіз ел тарихындағы айрықша мейрам. Елорда – тәуелсіздігіміздің символы, ел дамуының локомотиві және барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы. Биыл Елорданың Қазақстан астанасы болғанына 19 жыл. Осы уақыт ішінде қаламыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бас болуымен экономикасы қуатты, еңсесі биік, өркендеген шаһарға айналды. Қазіргі таңда Елорданы әлемнің ең үздік отыз қаласының қатарына қосу жұмыстары қызу жүргізілуде.

Еуразия төрінде өзіндік сән-сипаты қалыптасқан, дәулеті мен сәулеті келіскен мегаполистің бой көтеруі сан ғасырлық бабалар аманатының орындалуы деп білемін. Астанамыз өркендей берсін.

Ә.Исекешев   денсаулық пен береке тіледі.

Барлық жаңалықтар