- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық дәрігерлер халықаралық үлгідегі сертификаттарды алды
Қазақстандық дәрігерлер халықаралық үлгідегі сертификаттарды алды
Республикалық бюджет қаражаты есебінен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитариялық авиация орталығы дәрігерлері және еліміздің медициналық ЖОО анестезиология және реаниматология кафедраларының оқутышылары 10 жаттықтырушы-нұсқаушы ретінде оқытылды. Мамандар «Magen david adom in Israel» - MDA Ұлттық жедел жәрдем орталығының базасында (Тель-Авив қаласы, Израиль) оқыды.
Бағдарлама шеңберінде олар «American Heart Association» стандарттары бойынша емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде және қабылдау орталығында жедел жәрдем көрсету алгоритмдерін оқыды. Сонымен қатар, нұсқаушылар «MESER» оқу симуляциялық орталығының, «Tel Hashomer», «Bnei Zion» госпиталінің және «RAMBAM» жедел жәрдем медициналық орталығы бөлімшелерінің жұмыс тәжірибесімен танысты.
Келешекте даярланған жаттықтырушылар жоғарыда көрсетілген стандарттар бойынша жедел жәрдем көрсету станциясының және стационарлардың қабылдау орталықтарының дәрігерлерін және орта медицина қызметкерлерін оқытатын болады. Бұдан басқа, медициналық ЖОО оқытушылары арасынан іріктелген жаттықтырушылар болашақ дәрігерлерді, резиденттерді және қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарының бағдарламаларына жедел жәрдем көрсету мамандарын даярлау бойынша халықаралық алгоритмдерін енгізетін болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел жәрдем қызметін қайта жаңғырту шеңберінде аталған саланың мамандарының деңгейін арттыру іс-шараларын өткізіп жатқанын естеріңізге саламыз. Провайдерлерді және нұсқаушыларды даярлау базалық реанимация (BLS), жүрек-өкпе реанимациясы (ACLS), балалар реанимациясы (PALS) және жарақат кезіндегі реанимация (PHTLS) халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары