Сенаторлар аймақтарда кездесулер өткізуде

5 Шілде, 2017 19:44
Сенат депутаттары Парламенттік сессияны аяқтап, аймақтарға аттанып, онда халықпен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізуде, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысының Қызылқоға ауданында болды. Миялы ауылында депутат жергілікті тұрғындармен, аудан активімен әңгіме өткізді.

 Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, оқытушылар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Сәрсенбай Еңсегеновке «Қызылқоға ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Сол күні сенатор Тайсойған ауылдық округіне келді, сондай-ақ облыстық маңызы бар Миялы-Қарабау автомобиль жолының құрылысымен танысты.

Сенат депутаты Әлімжан Құртаев Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр. Шымкентте ол қала тұрғындарымен кездесу өткізді және «Наурыз» саябағының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
 

Барлық жаңалықтар