- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте Астана күніне орай Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді (ФОТО)
Шымкентте Астана күніне орай Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді (ФОТО)
Жиында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев екі кітаптың мазмұны мен мәніне ерекше тоқталып, жиналғандарды Астана күнімен құттықтады.
«Бүгін тұсауы кесілген «Жаһан таныған жеті тұлға» - аты айтып тұрғандай әлемге әйгілі болған реформаторлар туралы кеңінен толғанып жазылған дүние. Әрине олардың ортасынан ойып тұрып орын алған Ұлы дала перзенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырудағы қиын да, күрделі кезеңдерден жол тауып шыққандығы баяндалады. «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітаптың да өзіндік ерекшелігі бар. «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар көп»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітап үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыда «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған. Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте кездесулері сәтті суреттерімен әңгімеге арқау болған. Ал үшінші бөлімде мемлекет басшысының облысымызға 1991 жылдан басталған сапарлары жан-жақты баяндалады. Басылымға таяудағы оңтүстік өңіріне жасаған сәуірдегі сапары да енгізіліп отыр.
"Жаһан таныған жеті тұлға" кітабының авторы Абай Ескендіров аталған туындыны 4 жылда жазып шыққанын айтады. 656 беттен тұратын туындыда тарихи тұлғалардың ел басқару үрдісіндегі ғибратты ғұмырлары әңгімеге арқау болған. Жер жаһанға аты мәлім жеті тұлғаның өз отандастарының да, жатжерліктердің де санасында серпіліс тудырған тағдырлары ешкімді бейжай қалдырмайды.
"Кітаптың жалпы мазмұны -жаһан таныған жеті тұлға хақында. Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Унистон Черчилль, Мұстафа Кемаль, Шарль де Голль, Ли Куан Ю, Нұрсұлтан Назарбаев сынды ұлы жеті тұлғаның ерен еңбектері жан-жақты қамтылған"-, дейді кітап авторы Абай Ескермесұлы.
Шара барысында облыс əкім қос кітаптың жарыққа шығуына атсалысқан "Қазығұрт" баспасының директоры, ақын Темірғали Көпбаевты, "Тəуелсіздік, Тұлға, Тарих" құрастырушысы Асылбек Досалыны, «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабының авторы Абай Ескендіровке алғыс хатпен марапаттады. Шара соңы театр фойесіндегі «Мәңгі жайнай бер, Астана!» тақырыбындағы кітап және фото көрмесіне жалғасты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау