Қала күні мерекесі қарсаңында 38 жұп некелерін қиды (ФОТО)

5 Шілде, 2017 14:56
Астанада Қала күні мерекесін тойлау жас жұбайлардың некесін қию рәсімімен тұспа-тұс келді. Қала күні қарсаңызда жас жұбайлардың некелерін қию рәсімі жыл сайынғы дәстүр, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Халық арасында, әсіресе жас жұбайлардың арасында кеңінен таралып кеткен бұл игі дәстүрге биыл 10 жыл.  

Осы жылы неке қию салтанатына 38 жұп қатысты, олардың жас мөлшері 18-ден 40-қа дейін. Шара аясында жас жұбайлар арасында сыйлықтар мен жүлделер ойнатылды.

Бас жүлде – Түркия мен Бурабайға жолдама және теледидар. Рәсім аспанға шарларды жіберумен, той вальсін билеумен және  тәтті торттан дәм татумен жалғасын тапты.

Мерейтойлық неке қию рәсімі ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуімен тұспа тұс келді. Осыған орай «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы шараның өтуіне қолдау білдіріп, көрме аумағында жас жұбайлар үшін фотосессия ұйымдастырды.

Шараға Қала күнінде 10 жыл бұрын некесін қидырған жұп қатысты.  

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

Барлық жаңалықтар