- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана күнімен құттықтайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана күнімен құттықтайды
Астана – әлемнің ең әдемі және қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі.
Елордамыздың – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының негізін қалаған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси стратегиясы, армандары мен жүзеге асқан ғаламат жоспарларының жарқын үлгісі.
Мемлекет Басшысының бастамасымен киелі жерімізде жаңадан байтақ қала, рухани жаңғырудың қайнары, халқымыздың мақтанышы мен бірлігінің символы пайда болды.
Астана күні қарсаңында еліміздің басты әуе айлағына Елбасы есімінің берілуі де айқын заңдылық.
Үстіміздегі жылы Астана «болашақ энергиясының» халықаралық саммиті ретінде елорда мен оның зор жетістігінің куәсі болған «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалаған сан мыңдаған қонақтар да қуаныштарын жасыра алмады.
Осы айтулы жылды біз сананың ашықтығына, қуатты және жауапкершілігі мол адамдары бар Ұлттың биік рухына жол ашатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға кірістік.
Оның сәтті іске асырылуы Астананы одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз.
«Барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймыз!Біздің мақтанышымыз, Президенттің ғаламат жобасы бұдан әрі қарай да әлемді таң қалдырып, жаһандық диалог пен халықаралық бастамалардың мекені бола берсін.Астана – бәріміздің қуанышқа бөленіп, бақытымыздыт бағалайтын қаламыз.Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!Жасай бер, Астана!», - делінген ҚХА құттықтауында.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру