- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Бельгия саяси және экономикалық қатынастарын нығайтуға ниетті
Қазақстан мен Бельгия саяси және экономикалық қатынастарын нығайтуға ниетті
ҚР СІМ хабарлағандай, тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылап, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко сұхбаттасушыларды ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауымен, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша конституциялық реформалардың негізгі мәнімен, сондай-ақ елдің 2017-2018 жылдары БҰҰ ҚК-ге тұрақты емес мүше болуы кезеңіндегі негізгі басымдықтарымен және бастамаларымен таныстырды.
Тараптар экстремизм мен терроризм қаупінің жаһандануы бүкіл халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін анағұрлым терең шоғырландыру, қарсы іс-қимыл жасаудың тиімді стратегиясын әзірлеу қажеттігін талап ететінімен келісті. Біріккен күш-жігеріміз, ең алдымен, радикалды идеологияның алдын алуға және оның таралуының жолын кесуге, күштеу экстремизмімен күресуге дайын барлық құрылымдық күштермен өзара тиімді сұхбат орнатуға бағытталуы тиіс.
Бұдан бөлек, Қазақстан 2015 жылы әлемдік қауымдастықтың қарауына ұсынған БҰҰ аясында Халықаралық терроризмге қарсы күрес туралы жан-жақты қамтитын конвенция қабылдау келешегі туралы мәселе де қозғалды.
Сондай-ақ дипломаттар сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуының оң динамикасын атап өтті.
Осылайша, 2016 жыл қорытындылары бойынша елдер арасындағы сауда айналымы 2015 жылмен салыстырғанда 12%-ға өсіп, 299,5 млн АҚШ долларын құрады.
Тараптар Қазақстан мен Бельгияның сыртқы саяси ведомстволарының барлық бағыттар бойынша ынтымақтастығын жандандыруға өзара ұмтылысын растады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары