- Басты
- Жаңалықтар
- Астана күні қарсаңында тұрғындар қоныс тойын тойлайды (ФОТО)
Астана күні қарсаңында тұрғындар қоныс тойын тойлайды (ФОТО)
Ақмола облысының әкімдігі хабарлағандай, Көкшетауда 500 отбасы қоныс тойын тойламақ. Оның ішінде, 135 адам ұзақ уақыт кезекте тұрған әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өкілдері.Сондай-ақ, көпбалалы және толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.

Тұрғындарды құттықтай отыра облыс әкімі Мәлік Мырзалин тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту мәселесі Президент саясатының басым бағыттарының бірі екенін айтып өтті.

«Мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асыру аясында экономика нығайып, баспана мен жолдар, мектептер, ауруханалар мен өзге нысандар салынып жатыр. 6 айдың ішінде облыс орталығында 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жылдық көсеткіштің 70 пайызы ғана, жұмыс жалғасын одан әрі табады», - деді ол.

Сондай-ақ, Талдықорғанда да Астана күні қарсаңында 168 пәтердің кілті табысталды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана күні қарсаңында бізде үлкен қуаныш. Бұл ауданда күн санап тұрғын үйлердің саны артуда. Бүгін тағы бір қоныс тойы болмақ. Бүгінгі қуаныштарыңызбен құттықтаймын», - деді Алматы облысының әкімі Амандық баталов.
Айта кетерлігі, коммуналдық баспана иегерлерінің ішінде 12 санаттан тұратын адамдар қатары бар, атап айтсақ, 15-і қажеттілігі жоғары жандар, 33 жетімдер мен өзге кезекте тұрғандар.

Жамбыл облысында Астана күні қарсаңында 800 адам баспанаға ие болды. Өңір басшысы Кәрім Көкрекбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Арай 2» ауданындағы баспаналардың кілтін табыстады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме