- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жаңартылатын энергия өндіретін кәсіпорындар саны 50-ге жетті
Қазақстанда жаңартылатын энергия өндіретін кәсіпорындар саны 50-ге жетті
Салтанатты рәсім екі елдің мемлекеттік әнұранымен ашылды. Одан кейін сөз алған Мәжіліс Спикері жиналғандарды Қытай Ұлттық күнінің ашылуымен құттықтай келіп, әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімі мен құрметінің айшықты дәлеліне айналған ЭКСПО көрмесін өткізу Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық беделінің және ғаламды деңгейде ойлайтын көреген саясатының нәтижесі екенін атап өтті.
«Болашақ энергиясы» және «жасыл экономика» тек бірнеше мемлекеттің ғана емес, барша адамзаттың дамуы үшін өте маңызды, өте қажетті мәселе. Сондықтан, біздің көрмеміз осы әлемдік мәселеге өзінің зор үлесін қосады деп сенеміз,-деді ол.
Н. Нығматулин. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Президенттің бастамасымен елімізде белсенді жүргізіліп жатқан энергетика саласын жаңғырту жұмыстарының арқасында Қазақстанда қуаты 300 Мегаватт болатын, жаңартылатын энергия өндіретін кәсіпорындар саны 50-ге жетті.
Алдағы 2050-ші жылға қарай қажетті электр қуатының тең жартысы осы жаңартылатын энергиядан өндірілмек. Оған ЭКСПО көрмесінің де ықпалы зор. Өйткені, бұл жерде әлемдік деңгейдегі, болашағы зор үздік жобалар қойылған. Ал, Қытай елінің экспозициясы осы көрмедегі ең ірі және ең үлкен жұмыстардың бірі.
Аталған елдің көрмеге қатысуы – жаңа технологияның дамуына және біздің елдеріміз арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге жол ашады. Осыдан кейін сөз алған Шэнь Юэ Юэ ханым Қытай елінің ЭКСПО көрмесіне аса қызығушылықпен мән беріп, Ұлттық павильонды дайындауға орасан күш жұмсағанын айтты.
«Астана «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу арқылы біз Қытай-Қазақстан достық қарым-қатынастарын нығайтуға, екі ел арасындағы стратгеиялық әріптестік жаңа биіктерге жеткізе аламыз деп үміттеніміз,-деді ол.
Салтанатты рәсімнен кейін екі елдің Парламент өкілдері мен меймандар Қазақстанның «Нұр-әлем», Қытайдың «Болашақтың энергиясы, Жасыл жібек жолы» атты Ұлттық павильондарды аралап, инновациялық жетістіктермен танысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша