- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда жапондық трансұлттық корпорация жаңа зауыт ашады
Алматыда жапондық трансұлттық корпорация жаңа зауыт ашады
Қала басшысы Бауыржан Байбек бүгінгі күні Алматының жоғары инвестициялы, инновациялық тартымды қалаға айналғанын, оған дәлел ретінде қала бойынша үстіміздегі жылы негізгі капитал инвестициясының 11%-ға, сыртқы инвестицияның 25%-ға артқанын айтты.
«Өткен жылдың қараша айында біздің Мемлекет басшысы мен Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің кездесуі барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты күшейту туралы уағдаласқан болатын. Осыған орай, Алматыда жапондық іскерлік клубы мен жапондық индустриалды парк ашылып, «Tokyo Rope Almaty» жобасының екінші кезеңі жүзеге аса бастады. Жалпы, Алматының Индустриалды аймағында импортты алмастыратын, экспорттық өнімді ұлғайтатын 40 жоба қазірдің өзінде қолға алынды», - деп атап өтті Б.Байбек.
«Tokyo Rope Manufacturing» директорлар кеңесінің төрағасы Шигето Танаки бұл Жапониядан өзге елде баламасы жоқ ерекше кәсіпорын екенін жеткізді. Индустриалды аймақтағы 4 гектар жерге орналасатын зауытты іске қосу үшін шетелдік компания жұмсайтын инвестиция көлемі 3,6 млрд. теңгені құрайды.
«Мұнда жоғары сапалы металл тростар, таулы және карьерлі жұмыстар үшін болаттан жасалып, қорғасынмен қапталған торлар, буросвайлық анкералар және басқа да өнімдер шығарылады. Өнімдерде қазақстандық мазмұнның үлесі болғандықтан өзіндік құны да біршама арзан. Өндіріс көлемі бойынша жылына 17 мың тонна өнім шығарылады. Зауытты іске қосу 2018 жылға жоспарланған», - деді Ш.Танака.
Айта кетейік, металдан жасалған аса төзімді темір торлар мен панелдер шығаратын «Tokyo Rope Almaty» атты алғашқы зауыт өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған еді.
«Tokyo Rope» компаниясының негізі осыдан 130 жыл бұрын қаланған, болат арқандар шығару бойынша әлемде жетекші рөл атқарады, сонымен қатар селге, дауылға, түрлі тас көшкіндеріне қарсы түратын нысандарды салуды жобалаумен, монтаждаумен де айналысады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр