- Басты
- Жаңалықтар
- Президент Астана қаласының көрнекті орындарын аралады
Президент Астана қаласының көрнекті орындарын аралады
Мемлекет басшысы елордамыздың символына айналған, қайта жөндеуден өткен «Бәйтерек» монументінде болды.
Күрделі жөндеуден соң ғимараттың ішкі кейпі өзгерген. Атап айтқанда, монументтің күмбезі мен бағанасына жылуды сақтауға әрі оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік беретін энергия үнемдегіш жаңа шыныпакеттер орнатылған. Монументтің холына үлкен LED-экран қойылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «Нұржол» бульварында ашық аспан астында өтіп жатқан жыл сайынғы халықаралық ASTANA ART FEST мәдени фестиваліндегі экспозициялармен танысты.
Фестивальда Қазақстан, Ресей, Франция, Украина, Испания, АҚШ, Германия, Армения, Жапония және Өзбекстан елдерінен келген 60-тан астам автордың туындылары көпшілік назарына ұсынылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Кенесары ханға арналған ескерткіштің жанында орналасқан «Арбат» жаяу жүргінші жолымен жүріп өтті. Онда Мемлекет басшысы Қазақстан қолөнершілерінің теріден, киізден, саз балшықтан және ағаштан жасалған экслюзивті бұйымдарын көріп, көше музыканттарының өнерін тамашалады.
Осы жерде елордадағы «Сарыарқа» ауданының әкімі Мемлекет басшысын аудан инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды.
Қазақстан Президенті елорда тұрғындарымен және қонақтарымен әңгімелесті, сондай-ақ барша жұртты келе жатқан Астана күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзенінің жағасында лазерлік шоуды тамашалады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады