• Басты
  • Жаңалықтар
  • СІМ Қазақстанның сыртқы саясат қызметінің мерейтойына арналған кітап шығарды (ФОТО)

СІМ Қазақстанның сыртқы саясат қызметінің мерейтойына арналған кітап шығарды (ФОТО)

5 Шілде, 2017 09:32
Сыртқы саясат министрлігі Қазақстанның сыртқы саясат қызметінің мерейтойына арналған «Қазақстандық дипломатия: 25 жыл бейбітшілік пен даму қызметінде» кітабын шығарды.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, кітапты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғы сөзі ашады, онда Мемлекет басшысының 1992 жылғы 2 шілде де жариялаған  Сыртқы істер министрлігін құру туралы Жарлығының тарихи мәні түсіндіріледі.

«Бұл әлемдік саясат картасында жаңа мемлекеттің сыртқы саясатын институцияландыру жолында және біздің мемлекеттілігімізді қалыптастыруда маңызды акт болды. Ширек ғасырдан кейін біздің еліміздің дипломатиясы қалыптасты және белсенді дамуда деп сенімді айта аламыз. Бүгінде Қазақстан аймақтық және жаһандық процесстердің жауапты, әрі беделді қатысушысы», - деп атап өтілген Президенттің мақаласында.

«Қазақстандық дипломатия: 25 жыл бейбітшілік пен даму қызметінде» кітабында бүгінгі сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахмановтың еліміздің сыртқы саясаты туралы шолуы бар. Сонымен қатар, Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрлері – Ақмарал Арыстанбекова, Төлеутай Сүлейменов, Қанат Саудабаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Ерлан Ыдырысов, Марат Тажин мен Ержан Қазыхановтың естеліктері көрініс тапқан.

Басылымдағы әр мақалада Қазақстанның сыртқы саясатының алғашқы қадамынан бастап қалыптасуына дейін және одан ары дамуы туралы шолулар бар. Оларда алғашқы шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды орнату, БҰҰ-ға ену, ядролық қарудан бас тарту, мемлекеттік шекараны белгілеу, АӨЫСШК пен Әлем мен дәстүрлі діндер съезінің шақырылымы, ЕҚЫҰ,  ИЫҰ  мен өзгеде халықаралық ұйымдарға төрағалығы, ТМД, ЕАЭО, ҰҚКҰ, ШЫҰ мен Сирия бойынша Астана процесіне белсенді қатысуы туралы кеңінен айтылған.

Кітапта қазақстандық дипломатияның тарихынан сыр шертетін фотаматериалдар мен инфографикалар да бар. 

Барлық жаңалықтар