- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев жапон лигасының Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге ауқымды үлес қосқанын жоғары бағалады
Қ.Тоқаев жапон лигасының Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге ауқымды үлес қосқанын жоғары бағалады
Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының 2016 жылғы Жапонияға сапары барысында қабылданған, «кеңейтілген стратегиялық әріптестік» мәртебесін бекіткен саяси құжаттар, жаңа геосаяси ахуалда екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін беретіндігіне сенім білдірді.
Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, парламентаралық диалогты нығайту келешегін талқылай келіп, Қ.Тоқаев Қазақстанмен достық жөніндегі жапон лигасының екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ауқымды үлес қосып отырған қызметін жоғары бағалады.
«ЭКСПО-2017» аясында Астанаға келген жетекші елдердің жаңартылған энергетика саласындағы жобалары мен алдыңғы қатарлы технологиялары көрсетілген халықаралық көрменің жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейін атап өтті.
«ЭКСПО өткізу – тарихи оқиға болып табылады, оның Қазақстанның дамуына үлкен пайдасы тиетініне сенімдімін», - деді жапондық депутат.
Т. Кавамура Қ.Тоқаевқа 2025 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге Жапония өз кандидатурасын ұсынғанын айтты және бұл мәселеде Қазақстаннан қолдау сұрады.
Тараптар сондай-ақ қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастық мәселесін жан-жақты талқылады.
Қ.Тоқаев ағымдағы жылы тамыз айында Астанада ғалымдардың Пагуош конференциясы өтетіні, біздің елордамыз 2015 жылы осындай форумды өткізген Нагасаки қаласынан эстафетаны алып жалғастыратыны туралы жапондық депутатты хабардар етті.
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
ІІМ-нің Жоғары оқу орнына түсу талаптары қандай -
COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар -
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді -
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Сарапшылар пікірі: «Саяси реформа жасалып, халықтың уәжі жоғары жаққа жетуі тиіс» -
Мәслихаттардағы жастардың үлесі қандай -
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ