- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары ОҚО-ның Қазығұрт ауданында болды
Мәжіліс депутаттары ОҚО-ның Қазығұрт ауданында болды
4 Шілде, 2017 18:53
Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапармен жүрген Мәжіліс депуттары, Нұр Отан партиясы фракциясының мүшелері Әбдіманап Бектұрғанов, Құдайберген Ержан, Сәкен Қаныбеков пен Мансұрхан Махамбетов Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесті.
Палатаның баспасөз қызметінен хабарлағандай, аудандық әкімдікте халықты қабылдап, басындағы базынасын айтып келген 9 адамды тыңдады. Ауыл тұрғындары тұрғын үй мен мектептің құрылысына қаржының бөлінуіне байланысты қиындықтар мен EGOV порталының жұмысына және ауылдағы инфрақұрылымдардың дамуына байланысты шағымданды.
Сонымен қатар, депутаттар Қызылқия ауылында 1999 жылы құрылған «Амангелді» шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті. Бүгінде қожалықтың иелігінде 1000 га астам жер бар. Мұнда жеміс жидек талдары өсіріліп, дайын өнім қайта өнделеді.
Ауыл шаруашылығы қожалығы 250 – ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, ал маусымдық жұмысқа 300-ден астам ауыл тұрғыны тартылады.
Депуттардың аймақтағы жұмысы жалғасуда.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды