- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жастар жұмыспен қамтылады
ОҚО-да «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жастар жұмыспен қамтылады
Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдайлар жасау жайын баяндаған басқарма басшысы 2017 жылға республикалық бюджеттен 63,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 1275 жас сарбаз кезең кезеңімен көгалдандыру жұмыстарына тартылғанын айтса, маусым айында 205 жас жұмыспен қамтылғанын жеткізді.
« «Жасыл ел» еңбек лагерлеріне тартылатын жастардың басым бөлігі М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының және Шымкент аграрлық колледжі студенттері болса, аудан, қалаларда көбінесе жұмыссыз жас азаматтар тартылуда. Олардың орташа еңбек жалақысы 60-65 мың теңге көлемінде»,- деді спикер.
Бұдан өзге жазғы еңбек лагеріне қатысушы жастарға арнайы киім футболка, бейсболка, жазғы шалбар мен күртеше және аяқ киім беріледі екен.
Сонымен қатар, басқарма басшысы жазғы студенттік құрылыс отрядтары бойынша аудан, қалаларда салынып жатқан құрылыс нысандарында 424 жас еңбек етіп жатқанын мәлім етті.
«М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатқан 200-ге жуық студент Қазығұрт ауданы мен Түлкібас ауданындағы арнайы индустриялдық аймақта өндірістік практикадан өтуде. Жалпы облыстағы 12 жоғары оқу орындарының алтауында кәсіптік және өндірістік білім беру мамандықтарында оқитын1106 студент облыстағы 64 кәсіпорындар мен зауыт-фабрикаларда өндірістік практикадан өтуде», - деді Б.Нарбекова.
Жалпы жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыруда басқарма тарапынан көптеген жұмыстар ұйымдастырылуда.Солардың бірі барлық аудан, қалалардағы орталықтар жанынан құрылған "Еріктілер мектебі».Бұгінгі таңда облыс бойынша 4 мыңнан астам ерікті жастар бар.Олардың тікелей қатысуымен жыл басынан бері 300-ден астам қайырымдылық іс-шаралар, ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді