- Басты
- Жаңалықтар
- Жекешелендіруден түсетін табыс 4 пен 7 млрд доллар арасындағы қаржыны құрайды – Сүлейменов
Жекешелендіруден түсетін табыс 4 пен 7 млрд доллар арасындағы қаржыны құрайды – Сүлейменов
«Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында мемлекеттің ұлттық экономикаға қатысу үлесін ЭЫДҰ-ның көптеген елдерінің деңгейіне сәйкес келетін ІЖӨ-дегі 15%-ға дейін азайтуды тапсырды», - деді Сүлейменов.
Ол аталған көрсеткішке қол жеткізу Yellow Pages принциптерін сақтау, 2020 жылға дейін Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру, бұл ұстанымдарға сәйкес келмейтін компанияларды қайта құру және жою арқылы мүмкін болатындығын атап көрсетті.
«Қазіргі уақытта сатуға 589 ұйым қалды, оның ішінде 2017 жылы 488 ұйымды, ал 2018 жылы 101 ұйымды сату жоспарланған. Ірі компанияларды сату мәселесі Мемлекеттік комиссияның отырыстарында тұрақты негізде қарастырылады. Бүгінде ТОП-68-ден 32 активті, оның ішінде республикалық меншіктегі 8 компания мен Қордың 24 компаниясын, сондай-ақ Қордың 140 активі мен оның бәсекелестік ортаға беруге жататын тобынан 168-ін сату әдісі бойынша шешім қабылданып отыр», - деді Сүлейменов.
Оның келтірген мәліметтері бойынша, 2014 жылғы маусымнан 2017 жылғы 23 маусымға дейін жалпы сомасы 125,5 млрд.теңгеге 451 нысан сатылған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылы Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша нысандарды сату аяқталатын болады, ал сату мәселесі тыңғылықты және егжей-тегжейлі дайындықты қажет ететін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның ірі 17 компаниясы 2019-2020 жылдарға жоспарланып отыр», - деді министр.
Ол мемлекеттік менщікті жекешелендіруден және ұлттық басқарушы холдингтерінің құрамына кіретін активтерді сатудан түсетін табыс 4-тен 7 миллиардқа дейінгі долларды құрайтынын атап өтті, түсімдердің көлемі сауда нәтижелеріне байланысты болмақ.
«Инвесторлар негізінен «Самұрық-Қазына» Қорының 47 ірі активіне қызығушылық танытып отыр, оның 7-еуі IPO/SPO арқылы сатылатын болады. Қордың ірі компанияларының IPO стратегиясы бойынша қабылданған шешімдеріне орай, IPO-дан түсетін түсімдерінің болжалды көлемі 3,5 млрд. АҚШ долларынан 5,5 млрд. АҚШ долларына дейінгі қаражатты құрауы мүмкін», - деді Сүлейменов.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі