- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын жаңартылған санитариялық қағидалар бекітілді
Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын жаңартылған санитариялық қағидалар бекітілді
Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, жаңа редакциясында денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін тосқауылдар болып табылатын нормалардың шамамен 30%-ы алып тасталды, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерде қайталанатын талаптар қысқартылды.
Бұл медициналық қалдықтарды тасымалдауға және залалсыздандыруға; медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеуге және дезинфекциялауға; денсаулық сақтау объектілеріне өндірістік бақылау жүргізу жағдайларына қойылатын талаптар. Сондай-ақ құрылысқа жер учаскелерін таңдауға, объектіні жобалауға, реконструкциялауға және қайта жабдықтауға, денсаулық сақтау объектілерінің жиынына, ауданына қойылатын, ҚНжҚ-да (құрылыс нормалары және қағидалары) қайталанатын талаптар алып тасталды.
Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты гемодиализ, дерматология-косметология, пластикалық және эстетикалық хирургия сияқты көрсетілетін қызметтерге қосымша санитариялық талаптар әзірленді, сондай-ақ бұл талаптар оңалту орталықтарына да, оның ішінде паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдарға да қатысты. Осы қағидалардың қабылдануы денсаулық сақтау саласында шағын бизнесті дамыту үшін әкімшілік тосқауылдарды жойып қана қоймай, халық үшін медициналық қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Аталған санитариялық қағидалар санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауға, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға және персоналдың жұмыс орындарында оңтайлы гигиеналық жағдайларды және пациенттер үшін қауіпсіз жағдайларды жасауға бағытталған.
Айта кетейік, санитариялық қағидалардың жобасы денсаулық сақтау ұйымдарымен, ғылыми мекемелермен, бизнес қоғамдастығымен, халықаралық сарапшылармен, аккредиттелген қауымдастықтар сарапшыларымен, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқыланғандығын естеріңізге саламыз.
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
COVID-19: вакцина саны мен түрлері, вакцинаның репродуктивті денсаулыққа әсері