- Басты
- Жаңалықтар
- Жезқазған өңірінің кен орындарына ПҚӨС төлемін азайту жоспарланған – Э.Огай
Жезқазған өңірінің кен орындарына ПҚӨС төлемін азайту жоспарланған – Э.Огай
«Өңірді дамытудың кешенді жоспарын өзектілендіру аясында салық салу бөліміне өзгерістер енгізілді, атап айтсақ ПҚӨС төлемін азайту қарастырылған», - дейді «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай ҚР Үкіметінің отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда пайдалы қазбалар қоры шамамен 4 млн тоннаны құрайды. Алайда қолдағы техникалар бұл шикізатты алуға мүмкіндік бермей отырған көрінеді.
«Осыған орай, кешенді жоспар аясында жер бетіндегі құрылыстарды ауыстыру шешімі қабылданған», - дейді корпорация басшысы.
Огайдың ойынша, бұл шаралар жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді. Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақты етуге септігін тигізеді.
«Бүгін, Үкіметтің, облыс әкімдігінің арқасында, Жезқазған «екінші демге» қол жеткізу керектігі жайлы шешім қабылданды», - деді Огай.
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет отырысында 2011 жылы мемлекет басшысы тарапынан қабылданған Жезқазған, Сатпаев қалалары мен Ұлытау аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары өзектіленді.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді