- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте МЖӘ аясында оңалту орталығы салынуда
Шымкентте МЖӘ аясында оңалту орталығы салынуда
ОҚО әкімдігі хабарлағандай, республикалық бюджеттен құрылысқа бөлінген 1,1 млрд теңге қысқартуға ұшырап, қазіргі таңда жобалық –сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізілуде. Егер ғимарат құрылысы аяқталса, саладағы бірқатар қордаланған мәселелерді шешуге жол ашылмақ.
Жиында сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев облыста 117 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар есепке алынғанына тоқталды. Өкінішке орай, олардың саны облыс халқының 4 пайызын, республикада тұратын мүгедектердің 18 пайызын құрап отыр.
«Есепке алынған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 31 мыңнан астамы тірек-қимыл қозғалысы бұзылғандар. 8 мыңнан астамы көзінен, 5 мыңға жуығының құлағының ақауы бар. 15 мыңнан астамы психикалық ауытқуы бар мүгедектер»,- дейді басқарма басшысы.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедектік алуының себептерінің басым бөлігі жүрек қан-тамыры, психикалық ауытқулар мен жарақат алу салдарынан орын алып отыр. Биылғы жылы барлық бюджеттер есебінен 9,2 млрд. теңге қаралып, оңалту шараларына 91 пайызы яғни мұқтаж мүгедектер 67 мыңға жуығы техникалық көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге ұлғайған.
«Статистикалық мәліметтерге қарап отырсақ, облысымызда мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарының өсуі байқалады. Сондықтан бұл үдерістің алдын алу шараларын күшейту қажет. Сондай-ақ аудан, қала әкімдері, сала басшылары терең талдау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту, олардың әлеуметтік көмектермен дер кезінде қамтамасыз етілуі әрдайым қадағалауда болғаны жөн», -деді Ж. Түймебаев.
Айта кетейік, облыста көлік инфрақұрылымы обьектілерінде қолжетімді орта құру мақсатында 104 арнайы жол белгілері, 29 арнайы көрсеткіш, 107 жаяу жүргіншілер белгілері, 87 көшеге арнайы бағдаршам орнатылған. 17 инва, 33 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты