Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін жетілдіру туралы заңға қол қойды

4 Шілде, 2017 12:44
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заң құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде құқықтық қорғалуын күшейтуге, қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге, кәсіпкерлік саласында құқық бұзушылық үшін салынатын санкцияны төмендетуге және қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыстардың құрамын криминалдық сипаттан арылтуға, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Барлық жаңалықтар