- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы айтып берді
Н.Назарбаев мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы айтып берді
«Бүрсігүні біз елордамыздың 19 жылдығын атап өтеміз, бүгін дәстүр бойынша еліміздің Туын көтеру рәсімі өтуде. Бұл біздің бірлікке, болашаққа деген құрметіміз. Мемлекет Туы үнемі халықтың, әскеріміздің алдында жүреді. Жеңілген мемлекеттің төбесіне ту тігілетінін өздеріңіз білесіздер. Рейхстагта Кеңес Одағының Туы желбіреген болатын. Біздің ата-бабаларымыз да бір тудың астына бірігіп, ұлы даламызды қорғаған болатын. Біз осы тумен 25 жыл бойы алда келе жатырмыз. Біз бір тудың астына біріккен ұлт құрдық, біздің көгілдір аспан түстес туымыз бар, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Күн астында қалықтаған бүркіт халқымыздың жоғары рухын, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады», - деп атап өтті ҚР Президенті.
Осы ретте Н. Назарбаев Қазақстан Туының халықаралық аренадағы рөлін де атап өтті.
«Ту, Әнұран және басқа да рәміздеріміз – барлығы елімізді мадақтап, ұлттық рухымызды асқақтатады. Қандай да бір спорттық жарыстарда жеңіске жетсек, Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады. Қазақстан осы Туымен астанада көптеген ірі халықаралық іс-шараларды өткізген болатын. Біз дауласқан елдерді бейбітшілікке шақыра отырып, құрметке ие болған мемлекетпіз. Біз ядролық қарусыздандыру, жер бетіндегі бейбітшілік үшін күресті бастап келеміз. Бұл құрметтеуге тұрарлық істер. Осында әлемдік дәстүрлі діндер съездері өткізіледі, себебі бізге сенім артады,», - деді Елбасы.
Ақбота Күзекбай
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты