- Басты
- Жаңалықтар
- Шардарада балық өнімінің 80 пайызы экспортқа шығарылады
Шардарада балық өнімінің 80 пайызы экспортқа шығарылады
Облыс әкімдігі хабарлағандай, Шардарада жылына 5 мың тоннадан астам балық өнімін өндіруге қауқарлы 4 балық өңдеу зауыты бар.
Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысу мақсатында арнайы жұмыс сапарымен барған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балық шаруашылығымен айналысатын «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде болды.
Балық өңдеу зауытының процесімен танысқан аймақ басшысы бұл шаруашылықта коопертивтер құру арқылы өнімнің көлемін ұлғайтуға болатынын жеткізді.
Мұздатылған, ысталған және тұздалған балық пен филе өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 2500 тонна. 250 адамға жұмыс тауып беріп отырған бұл зауыт шет мемлекеттерге бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарумен танымал.
Кәсіпорынның тыныс-тіршілігіне жете қаныққан облыс әкімі аталған кәсіпорынның су қоймасында орналасқан торлы шарбақтағы балық өсіру жұмысымен де таныс болды.
Су қоймада өткен жылы 39 тонна балық қолдан өсіріліп шықса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге ұлғайтылып, яғни, 80 тоннаға дейін жеткізілмек.
Жалпы ауданда балықты қолдан өсіру және молайту шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорын болса, оларда бүгінде 300 тоннаға жуық балық өсіріліп жатыр.
Сондай-ақ, Шардара ауданында алдағы уақытта балық өңдеумен айналысатын тағы да екі шағын кәсіпорын ашу жоспарлануда.
-
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
Елордада 1980 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды -
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды -
Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды форматқа ауыспақ -
Қазақстан экспортқа қандай өнімді көбірек шығарады -
Астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете ала ма -
Қазақстандықтардың жыл сайынғы балық тұтыну көрсеткіші төмен -
42500 теңге 880 мың адамға тағайындалды -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
ҚХР-ның ҚР-дағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасымен құттықтады -
ФОТО: Нұр-сұлтан қаласында тәулігіне 180 000 дана медициналық бетперде шығаратын өнеркәсіп ашылды
-
Қазақстанда күніне 800 тоннадан астам құс еті өндіріледі -
Симптомсыз науқастардың 3 пайызы дәрігерге жүгінеді