- Басты
- Жаңалықтар
- Кешенді жоспар нысандарының негізгі бөлігі биыл жүзеге асырылады
Кешенді жоспар нысандарының негізгі бөлігі биыл жүзеге асырылады
Primeminister.kz хабарлағандай, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мемлекеттік және коммуникациялық меншіктегі кәсіпорындар мен ірі компанияларды өткізу жоспары туралы баяндады, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ нысандарын жекешелендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Өз кезегінде, ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысандарын сатуды жылдамдату бойынша қолданылған шаралардың аралық нәтижелері және бекітілген кестелер аясындағы алдағы міндеттер туралы баяндады.
«Қолданылған шаралар жекешелендіру үдерісін жандандыруға мүмкіндік берді, және Кешенді жоспар нысандарының негізгі бөлігі (80% астамы) ағымдағы жылы өткізіледі. Жалпы, Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру бойынша іс-шараларды уақытылы және табысты орындау үшін барлық алғышарттар жасалған», - деді Б. Сұлтанов.
Отырыс аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Ө. Шүкеев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Е. Досаев, «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Н. Мәлелов жекешелендіру барысы туралы баяндамаларын оқыды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар мен холдингтердің басшыларына нысандарды сату кестесін сақтауды және оларды белгіленген мерзімдерде өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Бұдан өзге, Мемлекет басшысының мемлекеттік меншікте қалатын нысандары тізімін дайындау туралы тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты барынша қысқа мерзімде аяқтау қажет. Ұлттық экономика, қаржы және әділет министрліктеріне аталған тізімді бекіту мәселесін пысықтау керек.
Аталған тапсырмаларды орындауды бақылау ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы