• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Айсина мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі заңнамаға енген өзгертулер туралы айтып берді

М.Айсина мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі заңнамаға енген өзгертулер туралы айтып берді

4 Шілде, 2017 10:16
Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Майра Айсина Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында Ақкөл қаласындағы №1 Балалар үйінің ұжымымен кездесті. Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, депутат Парламенттегі заң шығаруға қатысты қызметі мен мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасына енген өзгертулер туралы айтып өтті.

Депутат айтып өткендей, «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясын   құру бойынша    Жол картасы   әзірленді. Ол «Халыққа қызмет көрсету», «Жылжымайтын мүлік туралы орталық»,  «Жер кадастры бойынша ғылыми-өнеркәсіп орталығы» , «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» мемлекеттік  кәсіпорындарының  бірігуі арқылы  мемлекеттік қызмет көрсету  провайдеріне айналады.

«Мемкорпорацияның басты басымдығы қызметінің сапасы болмақ. Мемлекеттік корпорацияның халыққа  қызмет көрсету  орталығының сәтті жұмысы бойынша ХҚКО стандарты қолданылады», - деді М.Айсина.

 

Барлық жаңалықтар