- Басты
- Жаңалықтар
- «SANY Group» қытай компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады (ФОТО)
«SANY Group» қытай компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады (ФОТО)
Компанияның өндірістік цехын аралау барысында елші жел генераторларының өндіріс процесімен және корпорацияның құрылу тарихымен танысты.
Лян Вэньгэнь Қазақстан аумағында көліктік-логистикалық кешендерді, Маңғыстау мен Алматы облыстарында жел электрстанциясын, теңіз суын тұщыландыру бойынша зауытты салуға және Құрық порты инфрақұрылымының құрылысы сынды жобаларды жүзеге асыруға және инвестиция құюға мүдделі екенін жеткізді.
Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейде екенін және «Бір белбеу бір жол» қытайлық бастаманы жүзеге асырудағы еліміздің маңызды рөлін және оны жүзеге асыру бойынша «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының маңыздылығын атап өтті.
Бұдан басқа, Ш. Нұрышев сұхбаттасушыны еліміздегі инвестициялық ахуалмен және берілетін артықшылықтармен таныстырды.
Қос тарап «SANY Group» қорпорациясының басқарма төрағасы Лян Вэньгеннің ағымдағы жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаласты.
Баламалы энергетика саласындағы мол тәжірибені ескерген компания басшылығы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуға ниет білдірді. Шара барысында «SANY Group» компаниясы жел және күн энергетикасы саласындағы өзінің жаңа және инновациялық жетісіктерін паш етеді.
Айта кетерлік жайт, «SANY Group» компаниясы әлемде арнайы техника өндіретін ірі 5-ке кіреді. Компанияның активтері 18 млрд. долл. құрап отыр.
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады -
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады -
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады -
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады -
Әлемдегі эпиджағдай: Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, Қытай тағы бір қаланы түгелдей сынақтан өткізуде -
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады -
COVID-19: 13 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай -
Коронавирус: 22 шілдедегі жағдай -
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады -
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда таралған жаңа пневмония туралы хабарламаны жоққа шығарады -
ҚХР-ның ҚР-дағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасымен құттықтады -
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады - А.Аймағамбетов -
Түркістанда ҰБТ-ға 18 634 түлек қатысады