- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-дан солтүстікке 2019 адам көшуге ниет білдіріп отыр
ОҚО-дан солтүстікке 2019 адам көшуге ниет білдіріп отыр
Қазіргі таңда көшіп барғандардың 48-і ауыл шаруашылығымен айналысса, 42 азамат білім саласында, 11 адам жергілікті атқару органдарында, 12 адам қызмет көрсету, 7 адам денсаулық сақтау саласында еңбекпен қамтылған.
Ал, өңіраралық еңбек нарығын дамытудың шараларына 5780 азамат қатысып, олардың 2019-ы солтүстікке қоныс аударуға ниетті екендіктерін жеткізген.
«Елбасы қойған міндеттердің бірі ішкі көші-қон процесстерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру мақсатында еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру өте маңызды қадам. Жұмыссыздық, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша қиындықтар болуы мүмкін, сондықтан қоныс аударам деушілерге көмек көрсетуіміз керек»-деді Жансейіт Қансейітұлы.
Сондай-ақ мәжілісте сөз алған облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабеков оңтүстік халқын солтүстікке көшіру ерікті түрде жүріп жатқандығын алға тартты.
Оларға үкімет тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіледі. Нақты айтқанда, қоныс шығындары есебінде отбасы мүшелерінің әрқайссына 35 АЕК көлемінде яғни 79 мың теңге өтемақы төленеді. Бұдан бөлек бір жылға дейін пәтер жалдауға жұмсалатын шығын да мемлекет есебінен. Әлеуметтік қамсыздандыру, көші-қон квотасына да қаржы қарастырылған.
Мәселені қорытындылай келе өңір басшысы халқы тығыз орналасқан Мақтаарал ауданында бұл жұмыстардың сылбыр жүргізіліп жатқандығын сынға алды.
Айта кетейік, солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниеті бар облыс тұрғындарының ерікті қоныс аударуына ықпал жасау үшін облыс кәсіпкерлерін қатыстыра отырып сол өңірлерге іс-сапар ұйымдастыруды жүктеген облыс басшысы аудан, қала әкімдеріне, салалық басқармаларға бірқатар тапсырмалар берді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты