- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО-2017 аясында Эрмитаж қорынан көне қару-жарақ көрмесі өтуде
Астанада ЭКСПО-2017 аясында Эрмитаж қорынан көне қару-жарақ көрмесі өтуде
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, көрмеге Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі М.Бочарников, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ЭКСПО-2017 көрмесіне келген шетелдік қонақтар, ғылыми зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны ашқан Мемлекеттік хатшы қару-жарақ жасау өнерінің Эрмитаж қорынан жинақталған көрмесі ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылып отырғанын айтты. Халықаралық мамандандырылған көрме аясында барлығы 6 мыңнан астам іс-шара өтеді. Бүкіл дүниежүзіне әйгілі, әлемде адамдар ең көп баратын 20 музейдің бірі болып саналатын Эрмитаждың келуі – Қазақстан мен Ресей арасындағы шынайы достық қарым-қатынастың айғағы.
Одан соң Гүлшара Әбдіқалықова адамзаттың бүгінде, сарапшылардың пікірінше, жаңа соғыс қатері алдында тұрғанын атап өтті. Сондықтан Қазақстан Президенті өзінің «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесінде: «Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдардың күш-жігерін жұмылдыру қажет» деген болатын.
Мұражайға келушілерге қару-жарақ жасау өнерінің қыр-сырын ұғынып, Шығыс пен Батыстағы өнердің тарихы мен өркендеуі, қарудың алуан түрі, оларды жасаған орталықтар мен әйгілі қару-жарақ шеберлері жөнінде білуге мүмкіндік береді.
Жәдігерліктер қоры қару-жарақ жасау өнерінің XV ғасырдан XIX ғасырдың соңына дейінгі елеулі тарихи даму кезеңін қамтиды.
Көрмеге қару-жарақ жасау өнерінің 70 шақты үлгісі қойылған, олардың қатарында Германиядан, Түркиядан, Жапониядан, Франциядан, Үндістаннан, Италиядан, Испаниядан, Ираннан және әлемнің өзге де елдерінен келген әскери, аңшылық және салтанатты қару-жарақ түрлері бар.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар -
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр